ABU докторанттарын академиялық аттестаттау
+7 (7222) 42-32-24

ABU докторанттарын академиялық аттестаттау

Жыл сайын Әлихан Бөкейхан Университеті докторантурасының білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы тұлғалар жеке жұмыс жоспарларының орындалуы бойынша академиялық аттестаттаудан өтеді. 

Кезекті аттестаттау 2024 жылғы 27 ақпанында өтті. Бұл жолы аттестаттаудан 3 курс докторанттары өтті.

Іс-шара аясында бітіруші курс докторанттары өз зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынып, диссертациялық жұмыстарды дайындау және қорғауға шығу жоспарларын белгіледі. 

Университеттің профессор оқытушылар құрамы атынан 2023-2024 оқу жылының түлектеріне диссертацияларын сәтті қорғауларына, ғылыми ізденіс мен кәсіби өсуде жетістіктерге жетуге тілектестік білдіреміз!



Бөлісу: