Кеше, 27 ақпан күні Әлихан Бөкейхан Университетінде "Қаржы орталығы" АҚ өкілдерінің бітіруші курс білім алушыларымен арнайы ақпараттық түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге мемлекеттік білім гранты негізінде оқып жатқан бітіруші курс студенттері, магистранттар мен докторанттар, университетті бітірген түлектер, кафедра оқытушылары мен университеттің "Мансап" орталығының мамандары қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша грант негізінде білім алған студенттер мен магистранттардың, докторанттардың білім алуына бөлінген мемлекет қаржысын жұмыс істеу арқылы өтеу шарттары мен ережелері, жұмыс орындарына бөліну, жолдама алу және т.с.с. өзекті мәселелер талқыланды.
- Оқылды: 560