✨ Әлихан Бөкейхан Университетінің басшылығы, оқытушылар құрамы мен білім алушылары, университеттің Abai IT-Valley технокластерінің мамандары Астана қаласында робототехникадан өткен Central Asia FIRST Championship додасында топ жарған, университетіміздің "RO Alemi" Робототехника орталығының оқушылары мен орталық жетекшілерін құттықтады.
💥 Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Біріккен араб әмірліктері, Жапония елдерінің командалары қатысқан Орталық Азиядағы ең ауқымды Сentral Asia FIRST Championship робототехника чемпионаты өткен болатын.
🏆 Осы чемпионатқа Абай облысынан қатысқан 7 құрама команда ішінде «Ro Alemi» құрамасы Роботтар сайысы бағыты бойынша додаға қатысқан 107 команда ішінде рекордты көрсеткішпен жеке есепте І орын және барлық бағыттар қорытындысы бойынша, жалпы есепте ІІ орын иеленді.
✨ Кеше Астанадан олжалы оралған команда мүшелері Университет басшылығымен кездесіп, чемпионаттан алған әсерлерімен бөлісті. Өз кезегінде, оқу орнының әкімшілігі талантты да талапты балаларды Азия чемпионатында қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, оқушыларға жетекшілік еткен Орталық басшысы Бақытбек Орынбаевқа білім алушылардың ерте дастан кәсіби бағдарлануына қосып жүрген өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдірді.
🤝 Университет басшылығы сондай-ақ Білім Инновация лицейі және №22 мектеп-лицейінің мұғалімдері Сәкен Асқарбек пен Гулнар Тайтулеуоваға мектеп пен университет байланысын нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табыстады.
💐 Сонымен қатар «Ro Alemi» орталығында ассистент оқытушы ретінде қызмет атқарып жүрген студенттеріміз Ғазезова Бақыт, Амантай Жансая мен Кабдолдаева Аружан да Университет басшылығының арнайы алғысына ие болды.
✊ Әлихан Университетінің барлық профессор-оқытушылар құрамы атынан Азия чемпионатында топ жарған «Ro Alemi» орталығының тәрбиеленушілері мен жетекшілеріне шын жүректен жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!



- Оқылды: 457