Әлихан Бөкейхан Университетінің Гуманитарлық факультетінде Тарих және география кафедрасының «Тарих» білім беру бағдарламасын 2019 жылы бітірген түлек Алғали Мақсат Нұрланұлы 6В01606 "Тарих", 6В02212 " Отан және дүниежүзі тарихы", 6В01510 "География-Тарих" білім беру бағдарламасының студенттеріне "Тарих сабағында компьютерлік бағдарламаларды қолданудың әдіс-тәсілдері" тақырыбында мастер-класс өткізді.
Мастер-класс барысында маман заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мұғалім құзыреттілігін жетілдірудегі рөлі, компьютерлік құралдардың оқыту тиімділігін арттыруға қосатын үлесі туралы баяндап, мектеп бағдарламасындағы Қазақстан тарихы және Дүние жүзі тарихы пәндерінің тақырыптарын оқытудың практикалық мысалдарын ұсынды.
- Оқылды: 644