8 ақпан күні Университетімізде "Тарих. Тұлға. Тағылым" атты тарих және география апталығы аясында академик ғалым, Қазақ Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туғанына 125 жыл толуына орай "Академик Қаныш Сәтпаев еңбектерінің география ғылымындағы рөлі" атты танымдық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына ғалымдар, зерттеушілер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, студенттер мен магистрантаттар, орта мектеп ұстаздары мен білім алушылары қатысты.
Іс-шараға қатысушылар академик Қаныш Сәтпаевтың қазақ ғылымын дамытудағы рөлі мен ғылыми, қоғамдық және шығармашылық еңбектерін талқылады. Ғалымның қазақ еліндегі геология және география ғылымдарының дамуына қосқан өлшеусіз үлесі мен келер ұрпақтарға қалдырған мол мұрасы - сансыз ғылыми және қолданбалы зерттеулерге негіз болғаны ерекше атап өтілді.



- Оқылды: 820