Әлихан Университеті Tech Garden паркімен келісімге отырды
+7 (7222) 42-32-24

Әлихан Университеті Tech Garden паркімен келісімге отырды

🤝 Әлихан Бөкейхан Университеті Алматы қаласында өткен "Digital Almaty 2024" цифрлық форумы аясында «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

🏢 Tech Garden брендімен танымал «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры, ҚР Үкіметінің 2014 ж. 10 қазандағы Қаулысына сәйкес құрылған.

✨ Бүгінгі таңда инновациялық кластер құрамына индустриалды-инновациялық даму, ғылыми зерттеулер және білім беру салаларында жұмыс жасайтын 300-ден астам субъектілер кіреді.

🧬 Инновациялық технологиялар паркіне кіретін субъектілер жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүргізуге бөлетін аударымдарының есебінен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндігі бар.

✨ Қол қойылған келісім Әлихан Университетіне ғылыми зерттеу жұмыстары мен инновациялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

✍️ Келісімге қол қою шарасына университет Президенті Шырын Құрманбаева мен "Tech Garden" Инновациялық технологиялар паркінің Бас диреткоры Бауыржан Канкин қатысты.

✨ Келісім инновациялық жобалар саласының дамуына жаңа серпін береді, талапты жас мамандарға қолдау көрсетіп, Абай облысындағы IT саласы мен цифрландырудың дамуына жаңа леп беретіні сөзсіз



Бөлісу: