12 желтоқсан күні Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің Бизнес және басқару кафедрасында "Қаржыгер" студенттік ғылыми үйірмесінің ашық отырысы өтті. Отырыс «Қаржы тұзақтары» зияткерлік ойыны түрінде ұйымдастырылды.
Ойынға Семей қаласының №29 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары, Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің, Innovative колледжінің және Бизнес және басқару кафедрасының студенттері қатысты.
Зияткерлік ойын барысында қатысушылар ұялы телефонмен сөйлесу кезінде және әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасау барысында, сондай ақ интернет желісіндегі түрлі ақпараттарды қарастыру кезінде, валюта айырбастау, түрлі хаттар алу, қаржы пирамидаларына қатысу кезінде тап болатын алаяқтық әрекет түрлерін талқылады.
Бұл тақырып студенттер мен оқушылар үшін өте өзекті, өйткені қазіргі жасөспірімдер оңай ақша табуға қызығушылық танытады, тез пайда табуға бағытталған тәуекелдерге баруы мүмкін, мұның арты алаяқты құрбаны болуға әкеп соқтыруы ықтимал.
Үйірме жетекшісі А. Б. Құсайыновамен бірге білім алушылар "Абайлаңыз! Қаржылық алаяқтар "ситуациялық роликтерін талдады. Сонымен қатар "Тышқан қақпанындағы ірімшік", "Мен сарапшымын" ойындарын ойнады.
Зияткерлік ойынның соңғы кезеңінде қатысушылар шағын топтарға бөлініп, қаржылық алаяқтыққа жол бермеуге нұсқайтын ақпараттық плакаттар, брошюралар мен басқа да нұсқаулықтар дайындаумен айналысты.
Осылайша, ойын соңында қатысушылар қаржылық алаяқтардың арбауына түспеудің жолдары туралы мінез-құлық ережелерін құрды.
Зияткерлік ойын соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Бизнес және басқару кафедрасы үйірме жұмысына қатысқан барлық студенттер мен оқушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреді.



- Оқылды: 619