Жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы
+7 (7222) 42-32-24

Жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы

📢 Құрметті әріптестер!

✨ Отбасы банк ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп
жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасын іске қосты

Отбасы банк пен Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында жасалған келісімге сәйкес, жас ғалымдар - "ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы "ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына сәйкес, Министрлікке, Ғылым комитетіне және Тіл саясаты комитетіне қарайтын ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын, 40 жасқа дейінгі (қоса алғанда), ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын, магистр дәрежесінен төмен емес дәрежесі бар, гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына қатысуды қоса алғанда, кемінде 3 (үш) жыл ғылыми-зерттеу жұмыс өтілі бар, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдары ретіндегі және тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтары

Бағдарлама ғылыми ұйымдар мен жоғары және ЖОО кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарына 5 жыл бойы қолжетімді шарттармен тұрғын үй алу мүмкіндігін береді

Бағдарлама аясында жас ғалымдар жылдық мөлшерлемесі 5%, ең төменгі 10%-дық алғашқы жарнамен несие рәсімдеуге мүмкіндік алады

Бейінді министрлік Ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін қалыптастырады және Банкке ұсынады

Банк кредиттік өтінімдерді Ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының тізбесіне кіретін ұйымның жолдамасы негізінде қабылдайды

Баспананы алғашқы немесе екінші нарықтан сатып алуға болады. Заемның жылдық мөлшерлемесі 5% (ЖТСМ 5,2% бастап) беріледі. Алғашқы жарна 10%-дан 50%-ға дейін болады. Бағдарламаға қатысушысына берілетін ең жоғары заем сомасы 20 млн теңгеге дейін

Ғалымдарды несиелендіру бағдарламасына қатысушының жас мөлшері 40 жастан аспауы тиіс. Оның және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда баспаналары болмауы тиіс



Бөлісу: