Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанда Абай облысы Семей қаласының Мансап орталығының маманы Мырзабекова М.М. «Жастарды жұмыспен қамту аясы» тақырыбында Alikhan Bokeikhan University атындағы университеттің студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесуде жастардың жұмыспен қамтылуына бағытталған бірнеше жобалар: «Жастар тәжірбиесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім шарты» бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізіп, болашақ жас мамандардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Студенттер болашақта осы бағдарламалар арқылы қатысу үшін өз ниеттерін білдірді.
- Оқылды: 191