Күн тәртібінде - кибер қылмыстармен күрес мәселелері
+7 (7222) 42-32-24

Күн тәртібінде - кибер қылмыстармен күрес мәселелері

✨ 28 қараша күні Әлихан Бөкейхан Университетінің Заң факультетінде Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

🎯 Іс-шараның мақсаты - ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылау.

✍️ Дөңгелек үстел жұмысына университет ғалымдары, сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының өкілдері, оның ішінде облыстық полиция департментінің киберпол бөлімі қызметкерлері, адвокаттар мен Заң факультетінің әлеуметтік серіктестері, сонымен қатар білім алушы магистранттар мен студенттер қатысты.

💻 Дөңгелек үстел барысында қазіргі таңда кең таралған интернет –алаяқтық, ақпараттық және байланыс саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтың мәселелері қарастырылды. Іс-шараға қатысушылар ақпарат және байланыс саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтармен күресу жолдары талқылап, кибер қылмыстардың алдын алу жолдарын пысықтады.



Бөлісу: