21 қараша күні Абай облысының прокуратурасы Әлихан Бөкейхан Университетінің Мансап орталығының ұйымдастыруымен Заң факультетінің бітіруші курс студенттеріне арналған Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – прокуратура органдарында қызмет атқаруды артықшылықтарын насихаттау.
Кездесу барысында студенттерге прокуратура органдарына алғаш рет қызметке кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі туралы және қадағалау қызметінің негізгі бағыттары туралы облыс прокурорының орынбасары Жақсыбаев Ермек Өмірбекұлы, кадр жұмысы тобының жетекшісі Төлеуленов мақсат Талғатұлы баяндады.
Кездесу еркін диалог түрінде өткізіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды. Сондай-ақ, іс-шара барысында прокуратура органдарында Академия тыңдаушысы ретінде тағылымдамадан өтіп жүрген Заң факультетінің 2019 жылғы түлегі Наурызбаева Диляра Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына түсу тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара соңында студенттерге ақпараттық буклеттер табысталып, таныстыру экскурсиясы өткізілді.
- Оқылды: 614