«Бизнес-жоспарды қалай жасауға болады: кәсіпті жаңадан бастаушыларға кеңес» оқыту семинары
+7 (7222) 42-32-24

«Бизнес-жоспарды қалай жасауға болады: кәсіпті жаңадан бастаушыларға кеңес» оқыту семинары

Alikhan Bokeikhan University Халықаралық Бизнес Мектебі 17 қараша күні №29 орта мектептің жоғары сынып оқушыларына арнап «Бизнес-жоспарды қалай жасауға болады: кәсіпті жаңадан бастаушыларға кеңес» тақырыбында қашықтықтан оқыту форматында практикалық оқыту семинарын өткізді.

Кәсіпкерлік қызмет дағдыларын қалыптастыруға, дамытуға және жастардың бизнес-ойлауын қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік семинар «Жастарға бизнес» жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді. 

Семей қаласының жастары мен оқушыларына арналған практикалық семинарлар өткізуді қамтитын бұл жобаны Alikhan Bokeikhan University Халықаралық Бизнес Мектебі жүзеге асырады.

Семинардың негізгі спикерлері:

  • Благоев Веселин, Alikhan Bokeikhan University Халықаралық бизнес мектебінің директоры, профессор.
  • Шустова Елена Павловна, Alikhan Bokeikhan University, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, PhD, MBA.
  • Орынбасарова Айжан Абеухановна, Alikhan Bokeikhan University «Бизнес және басқару» кафедрасының меңгерушісі. PhD.

Семинар аясында келесі маңызды мәселелер талқыланды:

- заманауи кәсіпкерліктегі бизнесті жоспарлаудың рөлі;

- Бизнесті жоспарлаудың мақсаты мен міндеттері; 

- Бизнес жоспардың құрылымы;

- Бизнес жоспарды құрудың әдістемесі.

Семинар қатысушылары сонымен қатар 2024 жылдың ақпан айында Alikhan Bokeikhan University-де өтетін Студенттік бизнес жобалардың халықаралық байқауына қатысуға шақырылды.



Бөлісу: