«Миллион кімге бұйырады - Үздік қаржыгер» зияткерлік ойыны
+7 (7222) 42-32-24

«Миллион кімге бұйырады - Үздік қаржыгер» зияткерлік ойыны

15 қараша күні Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің Бизнес және басқару кафедрасында Қаржы саласының қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай «Миллионды кімге бұйырады - Үздік қаржыгер» зияткерлік ойыны өтті.

Байқаудың ақтық сынана өткен ойыншыларды анықтау үшін 2,3,4 курс студенттері арасында алдын ала іріктеу турлары өткізілді. Нәтижесінде интеллектуалды ойынның ақтық сынына келесі білім алушылар қатысты:

- Қуатова Зарина, ФН-002 тобының студенті

- Мұхамедбекова Ақнұр, ФН-101 тобының студенті

- Шибаев Кирилл, ФН-202 тобының студенті

 «Миллионды кімге бұйырады - Үздік қаржыгер» интеллектуалды ойыны 15 сұрақтан тұрды, оның 3-і жеңіл, 7-і орташа қиындықтағы және 5 қиын сұрақ. Қатысушылар «50:50», «досыңа қоңырау шал» және «аудиторияның көмегі» сынды көмек құралдарын пайдалана алды.

Ойын қорытындысы жеңімпаз атанып, «2023 жылдың үздік қаржыгері» атағын 4 курс студенті Қуатова Заринаға жеңіп алды. Игерген білімі, тапқырлығы мен психологиялық тұрақтылығы Заринаға жеңіске жетуге мүмкіндік берді.

Негізгі ойынмен қатар, көрермендер арасында «Кім жылдам?» атты шағын викторина да өткізілді. Ойын барысында студенттер қызықты логикалық сұрақтарға жауап беріп жарысты. Сұрақтар студенттердің білімі ғана емес, тапқырлығы мен зеректігін сынға салды.

Бизнес және басқару кафедрасы барлық білім алушыларды Қаржыгерлер күні кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, ойынға белсенді қатысқан көрермендер мен қатысушыларға шексіз алғысын білдіреді!



Бөлісу: