2023 жылдың 7 маусымында Заң факультетінің Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы Абай облысы ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің қызметкерлері мен студенттердің кездесуін ұйымдастырды.
Кездесу барысында Құқықтық статистика органдары мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мәселен, «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі толық автоматтандырылған
"Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. Құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру портал арқылы жүзеге асырылады. Жүргізілген жұмыс азаматтардың өтініштерінің басым бөлігінің үйден шықпай-ақ 10 минут ішінде орындалуын қамтамасыз етті. Қызметті оңтайландыру шеңберінде азаматтарға оны ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы, яғни порталдың мобильді нұсқасы арқылы алуға мүмкіндік берілді.Азаматтар үшін тағы бір жеңілдік -олар қағаз түрінде жауап алғысы келетін Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын таңдай отырып, шетелге шығу үшін анықтама беруге электрондық сұрау салу мүмкіндігі. Бұрын сұрауды Мемлекеттік корпорацияға міндетті түрде бару арқылы қағаз түрінде ғана жіберуге болатын.
Порталда "үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі" арқылы сұрау салудың бастамашылары осы тұлғаның келісімі болған жағдайда басқа тұлғаларға қатысты электрондық сұрау салуларды дербес жібере алады. Электрондық анықтамаларды алу үшін азаматтарды Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне жіберудің қажеті жоқ.
Сіз "EgovKzBot"іске қосу арқылы Telegram мессенджерінің көмегімен анықтама ала аласыз. Анықтама алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет.
Апостильмен соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру оны азаматтарға Композит, яғни "бір өтініш"қағидаты бойынша ұсынуға мүмкіндік берді. Ол үшін композиттік қызметке электрондық өтініш беру, электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы онлайн режимде мемлекеттік бажды төлеу, нәтижені қағаз нысанда алу үшін Порталда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын таңдау мүмкіндіктері іске асырылды.
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті мен оның аумақтық органдарының мұрағаттары шегінде мұрағаттық анықтамалар және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз нысанда көрсетіледі.
Мұрағаттық анықтаманы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы туыстығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, портал арқылы және баламалы түрде Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді, Қажет болған жағдайда оны апостильмен композиттік түрде алуға болады.
Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметтері азаматтарға ауыртпалық түсірмей, "Е-қызмет"персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы құқықтық стистика және арнайы есепке алу органдарының қажетті мәліметтерін өздері ала алады.
Қолданыстағы еңбек заңнамасында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін белгілі бір шектеулер қарастырылған.
Ізденушілер квазимемлекеттік сектор ұйымында жұмысқа ресімдеу кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беруге міндетті.
Егер бұрын басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымға адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмесе, қазір квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналастыруды шектеу барлық лауазымдарға қолданылады.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді беруді мемлекеттік қызметтер көрсету саласына ауыстырылды.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру: "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz.
Қызметті орындау мерзімі 10 минут, қосымша тексеру жағдайында - 5 жұмыс күні.
Қызмет жұмыс берушілерге қызметкерлерге қатысты мәліметтерді "Жеке кабинет" және (немесе) sms-растау арқылы келіскен жағдайда алу үшін де қолжетімді болады. Мұндай қызметті мобильді азаматтар базасында тіркелген кезде ғана алуға болады.
Мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы "Жеке кабинетте" "телефон" бағанында телефон нөмірін көрсетуі немесе Мемлекеттік корпорацияның кез келген фронт-офисіне жүгіну арқылы оны жеке сәйкестендіру нөміріне (ЖСН) байланыстыруы қажет.


- Оқылды: 854