Магистратураға тапсыратын талапкерлер назарына
+7 (7222) 42-32-24

Магистратураға тапсыратын талапкерлер назарына

🎓Құрметті магистратураға оқуға түсуге ниетті талапкерлер!

📢 Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсу үшін тапсырылатын міндетті кешенді тестілеуге (КТ) тіркелу басталғанын хабарлайды.

💻 Кешенді тестілеуге өтініштер қабылдау 15 шілдеге дейін www.app.testcenter.kz сайты арқылы қабылданады.

📆 Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

📍Өтініш беру кезінде үміткер тестілеу өтетін орынды ғана таңдай алады. Ал тест тапсыру күні, уақыты, мекенжайы туралы ақпарат 18 шілдеде Жеке кабинеттегі «Менің іс-әрекетім» бөліміне шығады

✍️ Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 15 шілдеге дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен тапсыратын орынды өзгертуге мүмкіндік беріледі.

💸 КТ-ға қатысу құны - 14 693 теңге.

❗Ескерту: Магистратура екі бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді.

*Магистратураны толық 2 жыл оқып, болашақта ғылым немесе педагогика саласында қызмет етуді жоспарласаңыз, өтініш беретін кезде ғылыми-педагогикалық магистратураны, ал 1-1,5 жыл оқып, кәсіби біліктілігіңізді арттыру үшін оқуды қаласаңыз, өтініш беретін кезде бейінді магистратураны таңдайсыз.



Бөлісу: