Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша білім алуға конкурстық іріктеу нәтижелері
+7 (7222) 42-32-24

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша білім алуға конкурстық іріктеу нәтижелері

2023 жылдың 31 мамырында Әлихан Бөкейхан университетінде студенттерді 2023-2024 оқу жылының күзгі семестрінде Университет ректорының гранты мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты есебінен шетелдік жоғары оқу орындарының бірінде білім алуға мүмкіндік беретін академиялық ұтқырлық бағдарламасынаіріктеу жөніндегі Сараптамалық комиссияның отырысы өтті.

Студенттерді іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылды. Байқауға түрлі білім беру бағдарламаларының 11 студенті қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша Сараптамалық комиссияның шешімімен ректор гранттары және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты есебінен студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысатын студенттер құрамы бекітілді.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және студенттерге оқуда табыс, жаңа идеялар мен естен кетпес естеліктер тілейміз!

Конкурстың іріктеу қорытындыларын келесі құжаттан көре аласыздар

Конкурс нәтижелері



Бөлісу: