Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелде білім алуға мүмкіндік беретін Ректор гранттарына байқау
+7 (7222) 42-32-24

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелде білім алуға мүмкіндік беретін Ректор гранттарына байқау

Құрметті ABU студенттері!

Сіздерді 2023-2024 оқу жылының күзгі семестрінде шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға мүмкіндік беретін Әлихан Бөкейхан Университеті ректорының гранты байқауына қатысуға шақырамыз

1 адамға бөлінетін білім беру гранты 800 000 теңгені құрайды. Жалпы жиыны 3 грант бөлінеді

Конкурсқа шет елдердің әріптес оқу орындарында өз мамандығы бойынша, бір семестр бойы ағылшын тілінде оқығысы келетін барлық білім беру бағдарламаларының 1, 2 және 3 курс студенттері қатыса алады

Грант конкурсына қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Оқу үлгерімі өте жақсы болуы тиіс (GPA - 3,70 және одан жоғары)
  • Білім және ғылым салаларындағы жетістіктері болуы керек (грамоталармен, сертификаттармен және басқа да құжаттармен расталған)
  • Ағылшын тілін кем дегенде «Intermediate» деңгейінде меңгеру керек (тиісті сертификатпен немесе ABU Халықаралық ынтымақтастық бөлімінде тапсырған емтихан нәтижесімен расталуы тиіс)

Назар аударыңыздар! 

Сіздер сондай-ақ, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шет ел оқу орындарында білім алуға жалпы негіздегі байқауға да қатыса аласыздар.

Бұл жағдайда білім алуға жұмсалатын барлық шығындар (әуе қатынасы, визаны рәсімдеу, медициналық сақтандыру, жатын орын және тамақтану) сіздің есебіңізден болады

Жалпы конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар:

  • Оқу үлгерімі жоғары болуы тиіс (GPA 3,00 және одан жоғары);
  • Білім және ғылым салаларындағы жетістіктері болуы керек (расталған);
  • Ағылшын тілін кем дегенде «Intermediate» деңгейінде меңгеру керек (расталған) (ағылшын тілінде оқығысы келген жағдайда)

Байқауларға қатысуға қажетті құжаттар тізбесі:

  • Бекітіліген нысандағы өтініш
  • Жеке куәліктің және шетелдік паспорттың көшірмесі (бар болса)
  • Факультет деканының және кафедра меңгерушісінің ұсыныс хаттар
  • Грамоталар, сертификаттар, дипломдар мен алғыс хаттардың көшірмелері, (бар болса)
  • Шет тілін білетіндігін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL), бар болса;
  • Қысқы сессияның қорытындысы бойынша транскрипт
  • 3х4 фотосурет (2 дана)
  • Файлды тіркегіш (көкшіл түсті)

Құжаттарды ұсыну мерзімі – 2023 ж. 26 мамырына дейін

Шет елге баруғы қажетті құжаттар пакеті мен визаны студенттер конкурстық іріктеуден сәтті өткеннен кейін рәсімдейді

Толық ақпаратты ABU ХЫБ алуға болады:

Семей қ, Мәңгілік Ел к-сі, 11, 4 қабат, 23 каб.

Тел.: +7 (7222) 36-03-63 (ішкі - 125)

WhatsApp: +7-702-113-7735 Акбота Серикхановна (жұмыс күндері 9.00-18.00 аралығында) 

Ақпараттық хат



Бөлісу: