29 наурыз күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ордабаев Олжас Темірбекұлының қатысуымен Enbek.kz порталында бос жұмыс орындарының республикалық онлайн жәрмеңкесі өтті.
Онлайн жәрмеңке жұмысына Alikhan Bokeikhan University «Мансап» орталығының басшысы, PhD Алханова Г.А., Ақпараттық-технологиялар және экономика факультетінің деканының тәрбие жөніндегі орынбасары Нұрғалиева Б.А., Гуманитарлық факультетінің деканның тәрбие жөніндегі орынбасары Сайлауғазы Н.Қ., Заң факультетінің деканның тәрбие жөніндегі орынбасары Сайдуллаев Е.А. және аталмыш факультеттердің 4 курс студенттері қатысты.
Болашақ түлектер бос жұмыс орындарымен танысып, жәрмеңкені ұйымдастырушылар мен жұмыс берушілерге өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алды.
- Оқылды: 800