Мерейтойлық логотип конкурсының қортындысы
+7 (7222) 42-32-24

Мерейтойлық логотип конкурсының қортындысы

✨ Достар, өздеріңіз білетіндей, Университетіміз биыл 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. 1998 жылы негізі қаланған оқу ордамыз ширек ғасырлық даму белесін бағындырып келеді

💫Осыған орай оқу ордамызда ақпан айы бойы профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылар арасында 25 жылдық мерейтойдың ресми символикасын жасауға университетішілік байқау жүрген болатын

🔸Байқау Университеттің 25 жылдық мерейтойын бейнелейтін заманауи әрі көз тартарлық логотип жасауды көздеді

🔹Байқау барысында мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыру комитетіне 40-тан астам жұмыс келіп түсті. Байқауға Университет кафедраларының оқытушылары, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері, студенттер мен магистранттар белсенді қатысты

📝Байқауға ұсынылатын жұмыстарға университеттің ресми брендбугінде бекітілген түстер мен фирмалық стильді сақтау, университеттің негізгі логосы, Alikhan Bokeikhan University атауы мен 25 цифрасын бейнелеу талаптары қойылған болатын

✨Университет басшылығы мен қызметкерлерінен құралған конкурстық комиссия байқауға ұсынылған барлық жұмыстарды мұқият саралап, оқу орнының 25 жылдық мерейтойының басты символы болатын логотипті таңдады

✍Логотип авторы – Әлихан Бөкейхан Университетінің Маркетинг және имидждік саясат департаментінің қызметкері Инна Добрынина

🔹Логотип университет брендбугіне сай, ресми түстер мен ресми шрифт, стилистиканы сақтай отырып жасалған. Логотип құрылымында Университеттің негізгі логосы, атауы және ұлттық нақышта өрнектелген 25 саны мен қыран бүркіттің қанаттары бейнеленген

🔸25 саны — мерейтойлық датаны білдіре отырып, цифрада оюмен өрнектелген кітап бейнесі арқылы Университеттің негізгі құндылығы - сапалы білім беру миссиясы мен берік дәстүрлерін бейнелейді

🦅Қыран бүркіттің қанаттары — шағын филиалы ретінде құрылып, іргелі өңірлік университет дәрежесіне көтерілген оқу орнының самғап дамыған жылдарын әрі болашаққа деген ұмтылысы мен биік белестерді көздеген мақсат-мүдделерін, ертеңгі күнге деген сенімін сипаттайды. Әрі Университетіміздің ресми талисманы (маскот) Мұзбалақ екенін ескерсек, бұл қанаттардың символикалық мәні тереңдей түседі

✨ Университет ректоры, профессор Шырын Асылханқызы байқау жеңімпазын салтанатты түрде құттықтап, 100 мың теңге сыйақы сертификатын табыстады.

🙏Университет басшылығы атынан байқауға белсенді қатысқан барлық қызметкерлеріміз бен білім алушыларымызға шексіз алғысымызды білдіреміз. Шығармашылық шабыттарыңыз сарқылмасын!

Оқу ордамыздың абыройы асқақ, мәртебесі биік болсын!



Бөлісу: