✨ Кеше, 28 желтоқсан күні облысымызға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Университетімізге келді.
💡 Іс-сапар аясында вице-министр оқу ордамызда биыл ашылған Abai IT-Valley (Абай IT алқабы) технологиялық кластерінің жұмысымен танысты.
🗣️ Университет ректоры, профессор Шырын Құрманбаева және Abai IT-Valley басшылығы вице-министрге технокластердің материалдық-техникалық базасын таныстырып, бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстары туралы әңгімеледі.
🔸Вице-министрге кластер аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылып, Абай IT алқабының жұмыс бағыттары көрсетілді. Сонымен қатар, алдағы уақытта іске асырылатын жұмыс жоспары туралы баяндалды.
🤝 Үкімет мүшесі, өз кезегінде, технокластер жұмысын жоғары бағалап, министрлік және Үкіметке қарасты мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы билік Университет пен технологяилық кластердің инновациялық жобаларына әрқашан қолдау көрсететініне сенім білдірді.
✊ Кластер аясында өз жобаларын дамытып жатқан жастар, оның ішінде студенттер мен мектеп оқушылары да вице-министрге өз жобаларын таныстырып, Асхат Елубайұлының ақыл-кеңестерін тыңдауға мүмкіндік алды.
- Оқылды: 991