Қаңтар айындағы ҰБТға тіркелу басталды
+7 (7222) 42-32-24

Қаңтар айындағы ҰБТға тіркелу басталды

📢 Құрметті талапкерлер мен бірінші курс студенттері!

🔔 ҚР Ұлттық тестілеу орталығы 2023 жылдың қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға тіркелу app.testcenter.kz сайтында 20 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында жүргізілетінін хабарлайды.

⏳Тестілеу 2023 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында өтеді.

✅ Тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:

1️⃣ Өз қалауымен ЖОО-ға ақылы негізде түсетін, орта білім беру ұйымдарын бітіретін 11 (12) сынып оқушылары;

2️⃣ Күнтізбелік жылы оқуын ақылы негізде жалғастыруы үшін ҰБТ нәтижесінде шекті балл ала алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, немесе бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмегені үшін шартты негізде оқуға қабылданған тұлғалар;

3️⃣ ЖОО-да ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан, бірақ басқа білім беру бағдарламаларына ауысқысы келетін бірінші курс студенттері;

4️⃣ ЖОО-да ақылы негізде білім алып жатқан, бірақ «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламаларының біріне ауысқысы келетін студенттер.

💸 Тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.

‼️ Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеуден өтетін орынды, күні мен уақытын өздері таңдайды.

❓Қосымша сұрақтар бойынша келесі телефон нөміріне хабарласуға болады:
+7 (7172) 69 52 80, 69 50 96



Бөлісу: