«ТжКБ жүйесінде арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» біліктілікті арттыру курстары
+7 (7222) 42-32-24

«ТжКБ жүйесінде арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» біліктілікті арттыру курстары

Кәсіби мамандар даярлаумен қатар, Университет қызметінің негізгі бағыттарының бірі – бұл жұмыс жасап жүрген мамандарды үздіксіз оқыту әрі кәсіби кадрлардың біліктілігін арттыру. Бұл міндеттерді Бөкейхан Университетінде Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты атқарады

Ағымдағы жылдың қараша және желтоқсан айларында Alikhan Bokeikhan University Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының ұйымдастыруымен «ТжКБ жүйесінде арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен басшыларына арналған біліктілікті арттыру курстары өтті. 

Бағдарламаның ерекшелігі - курс барысында қатысушылар техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелерімен, оқытушының педагогикалық іс-әрекетінің теориялық негіздерімен, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық әдістерімен және құралдарымен таныстыру, сондай-ақ арнайы пәндер оқытушыларының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру жолдарын үйренді

 Бағдарламаның алға қойылған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес тыңдаушылардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру үшін оларды меңгеруді үш модуль қарастырылған:

1. Модуль 1. Арнайы пәндерді оқыту әдістемесінің теориялық негіздері

2. Модуль 2. Арнайы пәндерді оқытудың педагогикалық технологиялары

3. Модуль 3. Инновациялық технологиялар және оқытушының білім беру қызметін цифрландыру

Курс тыңдаушылары ұсынылған материалдың сапасын жоғары бағалап, Біліктілікті арттыру институтымен одан әрі ынтымақтастық және курстан кейінгі қолдау мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді

Тренер Шынар Марксқызы Капашева оқыту кезінде инновациялық педагогикалық технологиялар мен коучинг құралдарын пайдаланды

Біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға курс соңында арнайы сертификаттар табысталды



Бөлісу: