28 қараша күні Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университетінің басшылығымен кезекті онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында Орман техникалық университетінің негізінде Әлихан Бөкейханов атындағы қазақ мәдениеті және инновациялар орталығын ашу туралы шартқа салтанатты түрде қол қойылды.
Биылғы ақпан айында оқу орындарымыз арасында өзара ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылған болатын. Одан бергі уақытта екі университет өзара бірлескен бірнеше іс-шаралар өткізді, оның ішінде – студенттерге арналған Халықаралық кәсіпкерлік мектебі, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру аясында дәріс оқу шаралары және т.б.
Естеріңізге сала кетейік, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан дәл осы оқу Императорлық орман университетінде (қазіргі Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университеті) білім алып, оны ХІХ ғасырдың соңында сәтті тәмамдаған болатын.
Екі университет арасындағы сабақтастық пен өзара байланысты үзбеу мақсатында оқу орындарының басшылары Санкт-Петербург университетінде Әлихан Бөкейхан атындағы орталық ашу туралы шешім қабылданды.
Орталықтың миссиясы – қазақ халқының мәдени-рухани құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ екі университеттің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, бірлескен академиялық және ғылыми жобаларды іске асыруға жәрдемдесу болмақ.
Орталық қызметі келесі бағыттарда жүзеге асады:
- қазақ мәдениетін ілгерілету;
- қазақ халқының мәдени-рухани құндылықтарын дәріптеуге бағытталған оқу және мәдени іс-шаралар кешенін өткізу;
- Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университеті және ABU білім алушыларын даярлаудың негізгі бағыттары бойынша бірлескен ғылыми жобаларды дайындау және іске асыру;
- серіктес жоғары оқу орындарының ғылыми қызметінің өзекті бағыттары бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу.



- Оқылды: 8268