Магистратураға түсушілер назарына!
2022 жылдың 1-18 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркелу жүргізілетінін хабарлаймыз.
Кешенді тестілеудің өзі 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.
Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.
Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 22 қарашада түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
КТ-ның шекті балдары келесідей:
🔻Ғылыми-педагогикалық магистратура – 75 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).
🔻Бейінді магистратура – 50 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).
Оның ішінде:
✔Шет тілі – кемінде 25 балл (ғылыми-педагогикалық);
✔ОДАТ – кемінде 7 балл;
✔БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).
ЕСКЕРТУ:
2022 жылы Ережелерді бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген талапкерлер, сондай-ақ нәтижелері жойылған тұлғалар қайта кешенді тестілеуге қатыса алмайды.
2022 жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.
КТ-ға қатысу құны 11 020 теңгені құрайды.
Alikhan bokeikhan University магистратурасына оқуға түсу үшін кешенді тестілеуді тапсырғаннан кейін, келесі құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсыру қажет:
1) жоғары білім туралы құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
2) жеке басын куәландыратын құжат (жақсы сападағы көшірме) - 2 дана. ;
3) 075/у нысанындағы медициналық анықтама (флюорография міндетті);
4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
5) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат: (бар болса);
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға кешенді тестілеудің Шет тілі бойынша тестінен босатылады: ағылшын тілі: IELTS Academic( International English Language Testing System Academic), шекті балл – кемінде 6,0; TOEFL IBT (test of English as a foreign Language Internet – based test), шекті балл-кемінде 60; TOEFL PBT (тест of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл – кемінде 498; неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveauc1/С1 деңгейі); француз тілі: TFI (test de FRANZAIS International™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес, DELF (Diplome d ' Etudes en langue franzaise) – B2 деңгейі, DALF (Diplome Approfondi de langue franzaise) – C1 деңгейі, TCF (Test de connaissance du franzais) – кемінде 50 балл.
6) кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат;
7) еңбек қызметін растайтын құжат;
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).
9) папка және 2 файл.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда, қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
Байланыс деректері:
Семей қ. Мәңгілік Ел көшесі, 11., 11 кабинет
Тел.: +77783894367
- Оқылды: 1573