Биыл Ұлытау жерінде өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күні мейрамын қайта жаңғырту туралы мәлімдеген еді.
🇰🇿 Биыл Республика күні Ұлттық мереке деңгейінде тойланбақ
🎙️Осыған орай Әлихан Бөкейхан Университеті және Қазақстан Жазушылар Одағының Абай облысы филиалы Республика күнінің құрметіне әрі жас ақындарды қолдау, олардың шығармашылығын халыққа таныстыруды көздейтін «Республика күні - ақындар үні» атты облыстық жыр мүшәйрасын өткізді
🔸Мүшәйраның мақсаты – Қазақстан Республикасының егемендігін, тәуелсіздігін жырға қосып, елдігімізді, еркіндігімізді дәріптеп, әлем алдындағы абыройымызды тілге тиек етіп, ұлт бірлігін ұлықтау
🔸Мүшәйра жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуді, өлке әдебиетінің өркендеуіне үлес қосуды және жастардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыруды көздеді
✍️Мүшәйраға облысымыздың әр өңірінен келген 16-25 жас аралығындағы ақындар қатысты
🗣️Іс-шара барысында авторлар өздерінің тақырыптық туындылары мен еркін тақырыптағы өлеңдерін оқыды
✨Мүшәйраға қатысушылардың өнерін білікті әділ қазылар алқасы бағалады
📜Ақтық сыннан сүрінбей өтіп, қазылардың жоғары бағасына ие болған жас ақындар арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар иеленді
Мүшәйра қорытындысы бойынша:
🔸Бас жүлде және 100 000 теңге көлеміндегі сыйлықты семейлік Қуаныш Еркінұлы (Шәкәрім университетінің студенті) иеленді
🔸1 орын және 75 000 теңге көлеміндегі сыйлық Бағжан Кәріпбаеваға бұйырды (Шәкәрім Университетінің студенті)
🔸2 орын және 50 000 теңгеден сыйлықты
🔹Жақсылық Асқарбек (Тарбағатай ауданының өрені) және
🔹Бекарыс Секеновке (С.Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан университеті студенті) иеленді
🔸3 орын және 25 000 теңге көлемінегі сыйлық
🔹Думан Қайроллаевқа (Әлихан Бөкейхан Университетінің түлегі)
🔹Мәди Ахметкәрімге (Әлихан Бөкейхан Университетінің студенті) және
🔹Азамат Серікұлына (Шәкәрім Университетінің студенті) бұйырды
📖 Мүшәйраға қатысқан ақындардың шығармалары алдағы уақытта «Әлихан Бөкейхан Университетінің кітапханасы» сериясымен шығатын арнайы мүшәйра жырларының жинағына енеді
- Оқылды: 997