Күміс Университет аясында Арт-терапия курсы өткізілуде
+7 (7222) 42-32-24

Күміс Университет аясында Арт-терапия курсы өткізілуде

Әлихан Бөкейхан Университетінде «Күміс Университет» жобасы аясында оқыту курстары жүріп жатыр.

🔹Күміс Университет жобасы – зейнет жасындағы және егде тартқан адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған. Бұл - оқу орнының әлеуметтік жауапкершілікті іске асыруы ғана емес, "өмір бойы білім алу" концепциясын іс жүзінде жүзеге асыруының үлгісі.

🔸Жобаны Бөкейхан Университетінің біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты бейресми білім беру бағдарламаларын іске асыру аясында жүргізуде.

💰Жоба толықтай Университеттің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр. Бүгіні таңда Күміс Университет жобасының оқыту курстарын университет кафедраларының 14 оқытушысы жүргізуде.

✨ Жоба аясында зейнет жасындағы адамдар түрлі бағыттағы оқыту курстарында білім алып, сауықтық үйірмелерде салауатты өмір салтын құрып, өз денсаулықтарын жақсарта алады.

📝 Қазіргі уақытта "Күміс Университетке қатысушылар үшін келесі бағыттар бойынша оқыту және сауықтыру курстарын ұйымдастырылған:
– "Құқықтық сауаттылық" курсы.
– "Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік қызмет негіздері" курсы.
– "Цифрлық сауаттылықты арттыру" курсы.
– "Саяхатқа арналған шет тілі" курсы.
– "Психотерапия - АРТ-терапия" курсы.
– Скандинав жүрісі үйірмесі

✨ Жоба аясындағы барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

✍️ Күміс Университет аясындағы оқыту курстарының бірі - АРТ-терапия" практикалық курсы.

🎯 Арт-терапия - қазіргі уақытта кеңінен таралған психотерапия бағыттарының бірі. Арт-терапияға бейнелеу өнері, мүсін жасау, құм терапиясы, фото-терапия сынды әдістерден тұрады. Арт-терапияға курсы қатысушыға өз психологиялық проблемаларын терең түсінуге, өзгелермен қарыс қатынас орнатуда ішкі жан дүниесімен үйлесім табуға мүмкіндік береді. Курс сабақтары аптасына бірнеше рет өтеді. Курс ұзақтығы – 3 ай.

🗣 Сабақтар шет тілдерін интерактивті әдістерді қолдану арқылы, қызықты түрде ұйымдастырылған. Курсты Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Наталья Акименко жүргізуде.



Бөлісу: