"Көшбасшылықтың заманауи тұжырымдары: табыс факторлары" ABU халықаралық кәсіпкерлік мектебі
+7 (7222) 42-32-24

"Көшбасшылықтың заманауи тұжырымдары: табыс факторлары" ABU халықаралық кәсіпкерлік мектебі

Достар!

Alikhan Bokeikhan University сіздерді 2022 жылғы 12-13 қазан күндері Семейде онлайн және оффлайн форматтарда өтетін,ABU халықаралық кәсіпкерлік мектебінің "Көшбасшылықтың заманауи тұжырымдары: табыс факторлары" тақырыбындағы күзгі сессиясына қатысуға шақырады

Іс-шара «МЭИ» Ұлттық зерттеу университетімен (Мәскеу қ., Ресей) бірлесе отырып ұйымдастырылады

Өтетін орны – ABU әкімшілік ғимараты (Мәңгілік Ел к-сі, 11, конференц-зал). Тікелей эфирге қосылатын сілтеме тіркелген қатысушыларға 11 қазанда жіберіледі

Іс-шараның басталуы – сағат 14.30-да (Нұр-сұлтан уақыты бойынша)

Іс-шараның мақсаты – жастардың кәсіпкерлік құзыреттілігін қалыптастыру, іскерлік мансапты құруға және болашақта кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізуге ынталандыру

Модераторлар:

Благоев Веселин, ABU бизнес мектебінің директоры, профессор

Шустова Елена Павловна, ABU Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, PhD, MBA

Гуличева Елена Геннадьевна, МЭИ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры, э. ғ. к. (экономика ғылымдарының кандидаты)

Осипова Марина Сергеевна МЭИ директорының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары

Сысоева Екатерина Александровна, МЭИ халықаралық ынтымақтастық дирекциясының бас маманы

Іс-шара бағдарламасында келесі тақырыптар бойынша семинарлар жүреді:

Көшбасшылықтың заманауи теориялары, артықшылықтары мен кемшіліктері. Көшбасшылық қасиеттер. Нарықтағы компаниялардың көшбасшылық мінез-құлқы.

Цифрлық экономика жағдайында менеджердің қазіргі заманғы құзыреттерін қалыптастыру. 

Көшбасшы болу үшін цифрлық құзыреттерді дамытудың маңыздылығы туралы. 

Барлық қатысушыларға халықаралық сертификаттар беріледі (электрондық форматта).

Бағдарламаға қатысу – тегін

Халықаралық кәсіпкерлік мектепке қатысу үшін oms_abu@mail.ru электронды поштасына қатысушының аты-жөні, WhatsApp номері, электронды поштасы және оқу орнының атауы көрсетілген өтінім жіберу керек.

Өтінім беру мерзімі – 2022 ж. 3 қазаны 

Қосымша ақпаратты ABU Халықаралық қатыстар жөніндегі бөлімінен алуға болады.

Байланысатын тұлға:

Шустова Елена Павловна,

Alikhan Bokeikhan University 

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры. 

+7 777 278 4073 (WhatsApp)

 

2022 КМ ақпараттық хаты



Бөлісу: