Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен – Еуропаға!
+7 (7222) 42-32-24

Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен – Еуропаға!

Әлихан Бөкейхан Университетінің 11 студенті 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша семестрлік оқудан өту үшін Түркия мен Болгарияға аттанды.

9 қыркүйек күні Университетте шетелдік жоғары оқу орындарына семестрлік оқуға кететін студенттермен жиналыс өтті.

Cтуденттер "Денсаулық сақтау саласындағы IT" мамандығы бойынша София техникалық университетінде (Болгария), "Экономика" мамандығы бойынша Варна менеджмент университетінде (Болгария), сондай–ақ "Екінші шет тілі қосымша оқытылатын ағылшын тілі" және "Тарих" мамандықтары бойынша Памуккале университетінде (Түркия) білім алады. 

Студенттер ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы және шетелдік жоғары оқу орындарымен жасалған екіжақты келісімдер негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тегін білім алатын болады

 Университет жыл сайын студенттерді шетелдік жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша гранттық негізде, соның ішінде Erasmus+  бағдарламасы есебінен, сондай-ақ университеттің өз қаражаты немесе білім алушылардың қаражаты есебінен жібереді.

Шет елдерге аттанған білім алушыларымызға табыс тілей отырып, естен кетпес естеліктермен оралуларына тілектестік білдіреміз!



Бөлісу: