"ALMA MATER: Түлектеріміздің жетістік жолы" айдарын жалғастырамыз.
Бүгінгі кейіпкеріміз - университетіміздің 2009 жылғы түлегі Мөлдір Илгишева.
🎓 Илгишева Мөлдір Дүйсенғазықызы университетіміздің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2009 жылғы түлегі. 2009-2011 жылдар аралығында Әлихан Бөкейхан университетінің (ол кезде - Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті) «Филология» мамандығының магистратурасында білім алған.
2015 жылы Түркия мемлекеті президентінің арнайы тағайындаған «Türkiye Bursları» бағдарламасы стипендиясын жеңіп алған. 2015-2021 жылдар аралығында Эрзурум қаласындағы «Ататүрк» университетінің «Түрік әдебиеті» факультетінде «Ескі Түрік Әдебиеті» мамандығы бойынша докторантурада оқыған. «Kazak Şairi Meşhur Jüsip Köpeyulı Eserlerinde Klasik Türk Edebiyatı Motifleri» (Қазақ ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларында Классикалық Түрік Әдебиеті Мотивтері) тақырыбында диссертациясын қорғап, PhD доктор атағын алған.
🖋️ Мөлдір Дүйсенғазықызы қазіргі таңда Ататүрк университетінің Әдебиет факультеті, Қазіргі Түрік Тілдері мен Әдебиеттері бөлімінде доктор, доцент м. а. болып қызмет атқаруда.
Өзі жолдаған видео хатында Мөлдір Дүйсенғазықызы өзі білім алған қара шаңырақтың ректоры Шырын Асылханқызына, Әлейхан Бөкейхан Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы ұстаздарына шексіз алғысын білдіреді. Барлық ұстаздар мен студенттер қауымына сәлемін жолдайды.
💐 Біз де университеттің ұжымы мен студенттері атынан Мөлдір Дүйсенғазықызына шығармашылық табыс, еңбегіне игілік тілейміз!
- Оқылды: 427