Магистратураға түсу үшін маңызды ақпарат
+7 (7222) 42-32-24

Магистратураға түсу үшін маңызды ақпарат

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

Күнтізбелік  жылғы 1 маусымнан 15 шілдеге дейін; 

Күнтізбелік жылғы 25 қазаннан 10 қарашаға дейін – Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО)ақпараттық жүйесінде тіркелу (app.testcenter.kz); Тестілеудің орны, күні және уақыты туралы ақпарат оқуға түсушінің жеке кабинетінде "Менің тарихым" бөлімінде қолжетімді болады.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тестілеуден, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тестілеуден тұратын КТ тапсырады;

Бейінді магистратураға түсуші тұлғалар таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден және оқуға дайындығын анықтауға арналған тестілеуден тұратын КТ тапсырады.

Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін үш жыл ішінде бейінді магистратураға ақылы негізде мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қабылдау университеттің қабылдау комиссиялары күнтізбелік жыл ішінде өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша түсу емтихандарынсыз жүзеге асырады.

Кешенді тестілеу бейіндік пәндер тізімі:

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламасы тобының атауы

Бейіндік пәндер

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

M072

Менеджмент

Менеджмент

Бизнесті ұйымдастыру

M070

Экономика

Кәсіпорын экономикасы

Макроэкономика

M082 

Биотехнология

Биохимия

Биотехнология негіздері

M001

Педагогика және психология

Педагогика

Психология

M016

Тарих педагогтерін даярлау

Қазақстан тарихы

Тарихты  оқыту әдістемесі

M060

Филология

Қазіргі қазақ тілі

Қазіргі қазақ әдебиеті

M094

Ақпараттық технологиялар

Алгоритмдер және деректер құрылымы

Деректер базасы

M078

Құқық

Мемлекет және құқық теориясы

Ситуациялық кейс (Қазақстан Республикасының заңдарын және / немесе халықаралық құқықты қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды кешенді құқықтық талдау)

https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/priem-na-obuchenie/perechen-grupp-obrazovatelnykh-programm-s-ukazaniem-profilnykh-distsiplin-kompleksnogo-testirovaniya/

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін өту балы 75 балды құрайды, бұл ретте шет тілі бойынша – 25 балдан кем емес, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша - 7 балдан кем болмауы керек. 

Бейіндік магистратураға түсу үшін өту балы - 50 балл.

ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY МАГИСТРАТУРАСЫНА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУДІ ТАПСЫРҒАННАН КЕЙІН КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚАЖЕТ:

  1. Университет Ректорының атына еркін түрде өтініш;
  2. жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа);
  3. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  4. 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
  5. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
  6.  шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат(бар болған жағдайда):

ағылшын тілін меңгеру бойынша: International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 6.0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 87;
неміс тілін меңгеру бойынша: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau С1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво C1) (DSH, Niveau C1) (ДЙСИЭИЧ, ниво C1) – C1 деңгейі;
TestDaF-Prufung Niveau C1 (тестдаф-прюфун ниво C1) (TDF Niveau C1) (ТЙДИЭФ, ниво C1) – C1 деңгейі;
француз тілін меңгеру бойынша: Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес; Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В2 деңгейінен төмен емес; Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) - С1 деңгейі; Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ), шекті балл кемінде – В2 деңгейінен төмен емес;

Бұл ретте, шет тілін меңгергенін растайтын жоғарыда көрсетілген халықаралық сертификаттардың бірі бар тұлғалар шет тілі бойынша магистратураға тесттен босатылады.

  1. еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
  2. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).

Осы тармақтың 3), 6) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады. Шет тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге беріледі

Егер Сізде сұрақтар туындаса, кеңес алу қажет болса келесі нөмірге хабарласуыңызға болады: тел. +77788771983

Бөлісу: