Магистратураға түсуші талапкерлерге маңызды ақпарат
+7 (7222) 42-32-24

Магистратураға түсуші талапкерлерге маңызды ақпарат

Магистратураға білім беру гранты бойынша және ақылы негізде қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады, оған шет тілі бойынша тестілеу (егер халықаралық сертификат болса, тапсырылмайды) және тиісті бейіндегі пәндер бойынша тестілеу кіреді. 

Магистратураға түсушілер үшін тестілеуге жазылу Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады (app.testcenter.kz)

Кешенді тестілеуге арналған бейіндік пәндер тізбесі:

Білім беру бағдарламаларының тобы

Бейіндік пәндер

  1. бейіндік 

пән

2- бейіндік пән

M072 Менеджмент және басқаруМенеджментОрганизация бизнеса
M070 ЭкономикаКәсіпорын экономикасыМакроэкономика
M082 БиотехнологияБиохимия Основы биотехнологии
M001 Педагогика және  психологияПедагогика Психология
M074 Қаржы, банк және сақтандыру ісіҚаржы негіздеріКорпоративтік қаржы
M016 Тарих мұғалімдерін даярлауҚазақстан ТарихыМетодика преподавания истории
M060 Филология

Филология (қазақ):

Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

 Филология (орыс): 

Қазіргі орыс тілінің морфологиясы

Филология (қазақ):

Қазіргі қазақ әдебиеті

Филология (орыс):

XIX ғасырдың I жартысындағы орыс әдебиетінің тарихы

M094 Ақпараттық технологиялар Алгоритмдер және деректер құрылымы

Деректер базасы

M078 ҚұқықМемлекет және құқық теориясыСитуациялық кейс (ҚР Заңнамасының және /немесе халықаралық құқықтың нормаларын қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды кешенді заңдық талдау)

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін өту балы 75 балды құрайды, бұл ретте шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша - кемінде 7 балл. 

Бейіндік магистратураға түсу үшін өту балы - 50 балл.

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН МАҢЫЗДЫ МЕРЗІМДЕР

ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 15 шілдесі аралығында – Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) ақпараттық жүйесінде тіркелу; app.testcenter.kz тестілеу орны, күні және уақыты туралы ақпарат оқуға түсушінің жеке кабинетінде "менің тарихым" бөлімінде - ағымдағы жылдың 18 шілдесінде қолжетімді болады.

ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 шілде  мен 10 тамыз аралығында – тестілеуді өткізу мерзімі;

ҚҰЖАТТАР

Alikhan Вokeikhan University магистратурасына оқуға түсу үшін кешенді тестілеуді тапсырғаннан кейін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа) қосымшасымен бірге және көшірмесі;

2) жеке басын куәландыратын құжат- 2дана;

3) 075/у нысанындағы медициналық анықтама (флюорография міндетті);

4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;;

5) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат. (бар болған жағдайда);

6) Кешенді тестілеуді тапсырғаны туралы сертификат;

7) еңбек қызметін растайтын құжат;

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).

9) картон мұқаба (скоросшиватель) және екі тығыз файл.

Бұл ретте, шет тілін меңгергенін растайтын көрсетілген халықаралық сертификаттардың біреуі бар тұлғалар магистратураға шет тілі бойынша тесттен босатылады.

Көрсетілген құжаттардың тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды

Бөлісу: