Неліктен Alikhan Bokeikhan University-ді таңдайды?
50+ білім беру бағдарламасы
Заманауи студенттер үйі
Әскери кафедра
Abai IT Valley өңірлік технокластері
Академиялық ұтқырлық
Білім беру гранттары

Достар, Әлихан Бөкейхан университетінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Әлихан Бөкейхан университеті өзінің отыз жылға жуық тарихында өңірдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне мәдени-ғылыми әлеуетімен тікелей атсалысып келеді.
Қазіргі кезеңде университет «үшінші миссиясын» жүзеге асыруда қоғам алдындағы жауапкершілікті, жаңашыл идеялардың ұйытқысы болуды көздейді.
Білім беру, ғылыми зерттеу жұмыстары ұлттық болмыс, құндылықтар қалыптастыруға қызмет етеді.
Әлихан Бөкейхан университеті дипломды мамандарды даярлаумен шектелмейді.
Күнделікті өзгеріп отырған заман талабына бейімделген, сыни ойлау қабілеті жоғары тұлғаны қалыптастыруға мүдделі.
Барлық деңгейдегі (бакалавариат-магистратура-доктарантура) білім беру бағдарламаларын жұмыс беруші тараптың тікелей сұранысы бойынша үнемі жетілдіреді.
Сапалы университет – сапалы қоғам кепілі.
Жасанды интеллект пен технология дәуірінде ізгілікті әрекетпен келешектің іргетасын қалайтын зиялылардың жаңа буынын қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз.
Білім алушылардың асыл парызы – табиғатпен үндес рухани тепе-теңдікті сақтай білу болмақ.
Уақыт өзгереді, алайда біздің университеттің түлектері ұлттық құндылықтарды әлемдік озық үлгімен ұштастырып, Әлихан аманат еткендей – ұлтқа қызмет ету жолындағы «өмір бейнесіне» ілесуге ұмтылады.
Құрметпен,
Әлихан Бөкейхан университетінің президенті
Шырын Курманбаева
Галерея
Біздің университеттің фотогалереясына қош келдіңіз! Мұнда біз университетіміздің өмірінен, студенттердің іс-шаралары мен жетістіктерінен жарқын және есте қаларлық сәттерді жинадық. Әрбір альбомда сіз біздің оқу Қауымдастығымыздың өмірін көре аласыз: ғылыми зерттеулер, шығармашылық жобалар, студенттік өмір, спорттық іс-шаралар және т.б. Біз студенттеріміз бен оқытушыларымыздың жетістіктерін, біздің университетті шынымен бірегей ететін шабыт пен өзара қолдау атмосферасын мақтан тұтамыз. Көруден ләззат алыңыз және біздің үлкен университет отбасымызға қосылыңыз!
КөбірекЖаңалықтар мен оқиғалар
Біздің жобалар


