Ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде
+7 (7222) 42-32-24

Ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде

29 наурыз күні Алматы қаласында өткен "Жоғары білім және ғылым салаларының өзекті үрдістері" атты Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары ректорларының II форумы аясында Alikhan Bokeikhan University Ресей Федерациясының жетекші университеттері – Санкт-Петербург мемлекеттік университеті мен Қазан федералды университетімен өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

Бұл университеттер көрші елдегі түрлі бағытта мамандар даярлайтын жетекші білім беру ұйымдары әрі іргелі ғылыми зерттеу орталытары.

Келісім аясында Әлихан Университеті келесі бағыттар бойынша бірлескен қызметтерді жүзеге асыра алады:

- білім алушылардың академиялық ұтқырлығы;

- магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамалары;

- жетекші ғалымдардың дәріс оқуы;

- бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар;

- оқытушылардың біліктілігін арттыру.

Қол қою рәсіміне Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Андрюшин Сергей Владимирович, Қазақ федералды университетінің сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры Алишев Тимирхан Булатов және Alikhan Bokeikhan University халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Шустова Елена Павловна қатысты.

Көрші елдің жетекші университеттерімен ынтымақтастық орнату университетіміздің оқытушылары мен білім алушыларының ғылыми және академиялық тұрғыдан дамуына жаңа серпіліс беретініне сенімдіміз!



Бөлісу: