Alikhan Bokeikhan University Халықаралық Бизнес Мектебінің қысқы сессиясы
+7 (7222) 42-32-24

Alikhan Bokeikhan University Халықаралық Бизнес Мектебінің қысқы сессиясы

Alikhan Bokeikhan University Халықаралық Бизнес Мектебі жыл сайын жастардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту мақсатында бизнес саласындағы жетекші шетелдік сарапшыларды тарта отырып, оқушылар мен студенттерге арналған жазғы, күзгі және қысқы сессияларды, оқыту практикалық семинарларын өткізеді.

Осылайша, 2022 жылдың 1-2 желтоқсанында Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетімен (Новосібір қ., РФ) бірлесіп ұйымдастырылған "Бизнес – жоспарлау: әдістемелік аспектілер" ABU-2022 халықаралық қысқы кәсіпкерлік мектебі өтті.

Мектептің негізгі мақсаты - қатысушыларда экономиканың түрлі салаларындағы өзгермелі нарық жағдайларында бизнес-жобаларды жоспарлау, әзірлеу, негіздеу және ұйымдастыру бойынша дағдылар кешенін қалыптастыру.

Қысқы мектеп бағдарламасында келесі мәселелер қаралды:

қазіргі кәсіпкерліктегі бизнес-жоспарлаудың рөлі; 

бизнес-жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері; 

бизнес-жоспардың құрылымы; 

жобаның қаржылық моделінің әдістемесі және бағалау көрсеткіштері

кәсіпкерлік жобаның тиімділігі; 

бизнес-жоспардың негізгі бөлімдерінің өзара байланысы; 

бизнесті жоспарлаудағы типтік қателіктер мен кемшіліктер.

Бағдарлама спикерлері:

Шустова Елена Павловна, PhD, MBA, Alikhan Bokeikhan University Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры

Коложвари Юлия Борисовна, Новосібір мемлекеттік экономика және басқару Университетінің Экономика және кәсіпкерлік қызмет кафедрасының доценті, э.ғ.к., бизнес-жоспарлау саласындағы сарапшы.

Мектеп жұмысына Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарының 150-ден астам студенттері қатысты. Оның ішінде:

- Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университеті;

- Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университеті; 

- Солтүстік Кавказ федералды университеті;

- Алтай мемлекеттік университеті;

- Тұран Университеті.

- Alikhan Bokeikhan University



Бөлісу: