Академиялық ынтымақтастығымыз нығаюда
+7 (7222) 42-32-24

Академиялық ынтымақтастығымыз нығаюда

Alikhan Bokeikhan University студенттердің академиялық ұтқырлығын жетілдіру әрі дәріс оқуға шет елдерден мамандарды шақыру шараларын одан жалғастыруда.

Мәселен, 21-25 қараша аралығында Университетіміздің Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенттеріне Т. Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университетінің (Кемерово қ., РФ) ғалымдары келіп дәріс оқыды. Оның ішінде:

- Стенин Дмитрий Владимирович, Ақпараттық технологиялар, машина жасау және автокөлік институтының директоры, тех. ғ. к., доцент;

- Захаров Сергей Александрович, тау-кен және өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау кафедрасының меңгерушісі, тех. ғ. к., доцент;

- Чичерин Иван Владимирович, ақпараттық және автоматтандырылған өндірістік жүйелер кафедрасының меңгерушісі, тех.ғ. к., доцент.

КузМТУ ғалымдары ABU ақпараттық технологиялар кафедрасындағы әріптестерімен жүздесіп, өзара ынтымақтастықты дамытудың перспективті бағыттарын, сондай-ақ келер жылы бірлесіп атқаратын іс-шаралардың форматтарын талқылады.

Әріптестерімізге жаңа шығармашылық идеялар мен табысты жобалар тілейміз!



Бөлісу: