«Педагогтың психологиялық құзыреттілігі: білім алушылармен жұмыс технологиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық практикалық семинары
+7 (7222) 42-32-24

«Педагогтың психологиялық құзыреттілігі: білім алушылармен жұмыс технологиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық практикалық семинары

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2022 ж. 6-8 желтоқсан күндері өтетін «Педагогтың психологиялық құзыреттілігі: білім алушылармен жұмыс технологиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық практикалық семинарға қатысуға шақырамыз!

Іс-шараны ABU Халықаралық ынтымақтастық бөлімі мен «Психология: ағарту және дамыту институты» (Барнаул қ.) КеАҰ-мен бірлесіп ұйымдастырады

Семинар жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларына, мектеп мұғалімдері мен психологтарға арналған

Семинардың тақырыптары:

1. Студенттердің оқу қиындықтарына нейропсихологиялық көзқарас.

2. Психологиялық-педагогикалық жағдайларда білім алушылардың оқу мотивін басқару.

3. Мұғалімнің, психологтың кәсіби қызметіндегі өзін-өзі реттеу әдістері.

Семинар Мәңгілік Ел, 11 к-сі мекенжайында орналасқан Alikhan Bokeikhan University әкімшілік ғимаратының Акт залында 6-8 желтоқсан күндері  14:30-17:30 аралығында өтеді

Бағдарлама соңынан барлық қатысушыларға аты-жөні және бағдарламаның атауы көрсетілген, 72 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткендігі туралы сертификат беріледі.

Бағдарлама спикері - Любимова Ольга Марковна, псих.ғ.к, доцент. «Психология: ағарту және дамыту институты» КеАҰ директоры (Барнаул қ.).

Клиникалық психология, жалпы психология салалары бойынша жетекші сарапшы. 

Бағдарламаға тіркелу 2022 ж. 30 қарашасына дейін жүргізіледі.

Семинарға қатысу құны - 5000 теңге.

Төлем университет шотына келесі деректемелер бойынша жасалады:

«Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесі

БИН 980440002042, Кбе 17                   

ИИК KZ 976010261000026178               

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

БИК HSBKKZKX

Төлем жасалғаны туралы түбіртек және қатысушының аты-жөні, жұмыс орны мен байланыс телефоны, эл.поштасы көрсетілген тіркеу формасын oms_abu@mail.ru  поштасына 3 желтоқсанға дейін жіберу керек.

Семинар тек оффлайн форматта өткізіледі, онлайн қатысу қарастырылмаған!

WhatsApp арқылы қосымша ақпарат:

+ 77021137735 Акбота Серикхановна (9-дан 18.00-ге дейін)

Ақпараттық хат



Бөлісу: