«Бизнес – жоспарлау: әдістемелік аспектілер» ABU Халықаралық кәсіпкерлік мектебінің қысқы сессиясы
+7 (7222) 42-32-24

«Бизнес – жоспарлау: әдістемелік аспектілер» ABU Халықаралық кәсіпкерлік мектебінің қысқы сессиясы

Құрметті оқушылар, студенттер, магистранттар!

Alikhan Bokeikhan University Халықаралық бизнес мектебі 2022 жылғы 1-2 желтоқсан күндері онлайн семинарлар форматында өтетін «Бизнес – жоспарлау: әдістемелік аспектілер» тақырыбындағы Халықаралық кәсіпкерлік мектебінің қысқы сессиясына қатысуға шақырады. 

Іс-шара Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетімен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.

Іс-шараның  мақсаты - қатысушыларда өзгермелі нарық жағдайлардағы экономиканың түрлі салаларында бизнес-жобаларды жоспарлау, тқжырымдау және ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру

Модераторлар: 

Благоев Веселин, ABU Халықаралық бизнес мектебінің директоры, профессор.

Шустова Елена Павловна, ABU Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, PhD, MBA.

Шеховцова Лада Викторовна, Новосібір мемлекеттік экономика және менеджмент университетінің базалық дайындық факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент.

Қысқы мектеп міндеттері:

- қазіргі кәсіпкерліктегі бизнес-жоспардың рөлін зерделеу

- бизнес-жоспардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау

- тыңдаушыларды бизнес-жоспардың құрылымымен таныстыру

- жобаның қаржылық моделінің әдістемесін және бағалау көрсеткіштерін қарастыру

- бизнес-жоспардың негізгі бөлімдерінің өзара байланысын түсіндіру

- бизнесті жоспардағы типтік қателіктер мен кемшіліктерді талдау

Спикер:

Коложвари Юлия Борисовна, Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің экономика және кәсіпкерлік қызмет кафедрасының доценті, э. ғ. к., бизнес-жоспарлау саласындағы сарапшы.

Барлық қатысушыларға іс-шара қатысқаны жөнінде сертификаттар беріледі

Іс-шараға қатысу - тегін

Іс-шараға қатысу үшін oms_abu@mail.ru поштасына қатысушының аты-жөні, оқу орны, WhatsApp нөмірі және эл. поштасы көрсетілген өтінім жолдау керек

Өтінімдер 2022 ж.29 қарашасына дейін қабылданады

Бір ЖОО қатысушыларының өтінімдері бір тізіммен жіберілгені жөн

Онлайн семинарларға қатысу сілтемелері іс-шара басталардан бір күн бұрын тіркелген қатысушылардың эл. поштасына немесе WhatsApp нөміріне жіберіледі

Қосымша ақпарат:

WhatsApp нөмірі: + 7 702 113 7735 Акбота Серикхановна (WhatsApp, 9-дан 18.00-ге дейін)

 

Ақпараттық хат



Бөлісу: