София Техникалық Университетімен (Болгария Республикасы) халықаралық ынтымақтастық
+7 (7222) 42-32-24

София Техникалық Университетімен (Болгария Республикасы) халықаралық ынтымақтастық

13 сәуірде София Техникалық Университетінде, Абай атындағы Қазақ тілі, мәдениеті және ғылыми-техникалық ақпарат алмасу орталығында университет ректоры проқфессор И. Кралов, Alikhan Bokeikhan University Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Е. Шустова, сондай-ақ Техникалық университет оқытушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шара барысында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асырудың оң тәжірибесі (80-нен астам студенттер мен оқытушылар), сондай-ақ соңғы екі жыл ішінде бірлескен онлайн іс-шараларды өткізу болашақтағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары бағалауға мүмкіндік береді.

Абай атындағы Қазақ тілі, мәдениеті және ғылыми-техникалық ақпарат алмасу орталығы – София Техникалық Университетінде (Болгария Республикасы) орналасқан шетелдік өкілдігіміз. Орталық 2018 жылдың қыркүйек айында ашылды. Мақсаты - қазақ тілін, әдебиетін, қазақ халқының мәдени-рухани құндылықтарын танымал ету, сондай-ақ екі университеттің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, студенттері, магистранттары, докторанттары үшін ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру. 



Бөлісу: