Докторантураға (PhD)қабылдауды ұйымдастыру
+7 (7222) 42-32-24

Докторантураға (PhD)қабылдауды ұйымдастыру

Оқуға түсу үшін өтініштер қабылдау – 5 шілде мен 3 тамыз аралығында;

Сайтта тіркелу - https://app.testcenter.kz

Түсу емтихандары- 4-20 тамыз аралығында; Түсу емтиханының ұзақтығы- 4 сағат 20 минут.

Түсу емтихандарының алдында міндетті түрде сұхбаттасу  өту қажет.

Оқуға түсуші сұхабаттасуға келмеген жағдайда сұхбаттау күнін ауыстыруға жол берілмейді, 0 балл қойылады және докторанттың түсу емтиханын тапсыруға жол берілмейді. Сұхбаттасу нәтижесі жеке кабинетте жіберу/жібермеу форматында көрсетіледі.

Докторантураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) үш тілде қосымшасы бар магистратура дипломы (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);

3) жеке басын куәландыратын құжат;

4) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:

ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті балл – кемінде 5,5;

TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language  Internet-based test), шекті балл – кемінде 46;

TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл – кемінде 453;

TOEFL ITP (Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm), шекті балл – кемінде 460; 

неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NiveauВ2/ В2 деңгей), TestDaF-Prufung (Niveau В2/ В2 деңгей);

француз тілі:  TFI (Test de Franзais International™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес),  DELF (Diplome d’Etudes en Langue franзaise) –B2 деңгей,  DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise) –В2 деңгей,  TCF (Test de connaissance du franзais) – кемінде 50 баллов; 

5) ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ).

5) ҚР ДСМ №175/2020 бұйрығымен бекітілген форматта 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама.

6) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;

7) соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес докторантураға түсуші және (TOEFL ITP (Test of English as a Foreign Language institutional Testing Programm) сертификаты бар тұлғалар  докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілі бойынша қосымша тестілеу тапсырады.

Осыған байланысты TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы екі өтініш береді:

1.    докторантураға түсу емтиханына;

2.    ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуге (өтініштерді қабылдау 12 шілдеден бастап қолжетімді болады).

Ағымдағы жылы тіркелу құны:

- докторантураға түсу емтиханына – 15 804 теңге;

- ағылшын тілін білуі бойынша қосымша тестілеуге - 10 622 теңге.

Докторантураға кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі және "магистр" дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.

Докторантураның 3 бағыты бойынша (6D030100 Құқықтану, 6D020500 Филология, 6D011400 Тарих) университетте философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін алу үшін диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңестер жұмыс істейді.

Бөлісу: