Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
+7 (7222) 42-32-24

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор
Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің аға маманы
Көптілді білім беру орталығының оқытушы-филологы

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қызметінің негізгі бағыттары

Университеттің стратегиялық даму мүдделеріне сәйкес келетін шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынас орнату.

Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу (бакалавриат, магистратура деңгейіндегі 2 диплом бағдарламасы).

Университеттің барлық мамандықтары бойынша магистранттардың, докторанттардың шетелдік ғылыми тағылымдамалар бағдарламаларын жүзеге асыруға ықпал ету.

Университет студенттерінің, магистранттарының және оқытушыларының сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру.

Университетте халықаралық деңгейдегі  іс-шараларды дайындау және өткізу (оның ішінде ҒПК, форумдар, семинарлар, шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдарының қатысуымен).

Халықаралық деңгейдегі іс-шараларда университет атынан өкілдік функцияларын жүзеге асыру.

Халықаралық білім беру қызметтері нарығында университеттің оң имиджін қалыптастыру.

Шетелдік студенттерді оқуға тарту.

Фондрайзинг. Университеттің халықаралық бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру үшін қосымша қаржыландыру көздерін іздеу.

Көптілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру

Бөлісу: