ABU құрамасы - ССЛ Шығыс дивизионының екі дүркін чемпионы
+7 (7222) 42-32-24

ABU құрамасы - ССЛ Шығыс дивизионының екі дүркін чемпионы

🏆 Әлихан Бөкейхан Университеті студенттерінің футзал құрамасы екінші жыл қатарынан Республикалық студенттік спорт лигасының Шығыс дивизионында жеңіске жетіп, лиганың шешуші, республикалық кезеңіне жолдама алды.

⚽ 20-23 сәуір аралығында қаламызда өткен футзал ойындарына Семей, Өскемен мен Павлодар қалалары жоғары оқу орындарының футзал құрамалары бақ сынасты.

🥇 Тартысты турнир қортындысы бойынша барлық кездесулерінде жеңіске жеткен Әлихан Университетінің құрамасы 12 ұпаймен бас жүлдені иеленсе, екінші орынға 7 ұпай жинаған Торайғыров Университетінің студенттері тұрақтады. Турнирде үздік шыққан осы екі құрама Студенттік спорт лигасының шешуші ойындарына жолдама алды.

📝 Қорытынды турнир кестесі келесідей:
1. Alikhan Bokeikhan University - 12 ұпай
2. Торайғыров Университеті - 7 ұпай
3. Шәкәрім университеті - 6 ұпай
4. Семей медицина университеті - 4 ұпай
5. С. Аманжолов атындағы ШҚУ

💐 Жігіттеріміз бен олардың жаттықтырушылары - Қолданбалы биология кафедрасының оқытушылары Мұхаметжанов Дамир Жұмағазыұлы мен Керімжанов Азамат Берикболұлын Шығыс дивизонының екі дүркін чемпиондары атануымен шын жүректен құттықтаймыз!

✊ Республикалық ойындарға жолдама алған спортшыларымызға сәттілік тілейміз!



Бөлісу: